Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

2019 жылдың 6 қазан 2019 15:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қадірлі ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әлемдегі ең асыл мамандық иесі - Мұғалім. Сіздер балаларға өмір бойы өздерімен бірге алып жүретін, болашағын және шынайы өмір жолдарын қалыптастыруда ең қажетті білімді бересіздер», - деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында.

Ол мұғалімдерің қажырлы, құрметті, жауапты жұмыстары үшін алғыс білдірді.

«Оқушылардың әрқайсысына деген мейірімділік, парасаттылық және кәсібилік сіздерде жеткілікті, сонымен қатар оларға деген махаббаттарыңыз жүректеріңізден өшпесін. Біздің өмірімізде әрқайсымыздың білімге деген құштарлығымызды оята білген Ұстазымыз бар десек, оларға өмір бойы алғыс білдіру маңызды деп есептеймін. Сыныпта отырған әр оқушы өзін дарынды, ақылды және ерекше бала екенін сезіне білсе, мұны мұғалімнің таланты деп білуіміз керек. Біздің елімізде талантты ұстаздар өте көп, олардың арқасында еліміз үлкен жетістіктерге жетуде», - деді А. Аймағамбетов.

Айта кетейік, қазанның алғашқы жексенбісінде Қазақстанда Мұғалімдер күні аталып өтеді.

Жоғары қарай