Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Асхат Аймағамбетов: Мектептер жаңа форматпен жұмыс істеуге дайын

2020 жылдың 16 наурыз 2020 20:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каникул аяқталған соң қажет болған жағдайда оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каникул аяқталған соң қажет болған жағдайда оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғыда арнайы топ құрған болатынбыз. Бұл топ бір жарым ай бойы жұмысын атқарып жатыр. Егер 5 сәуірден кейін жағдай реттелмейтін болса, біз қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуге дайынбыз. Қазіргі уақытта осы жүйені контентпен қамтамасыз ету, оны толтыру, педагогтарды оқыту, сервистерді тестілеу және басқа да жұмыстарды жүргізіп, оны 5 сәуірге дейін аяқтап, қажет болған жағдайда осы жаңа форматпен жұмыс істеуге дайын боламыз», - дейді Асхат Аймағамбетов.

Ол барлық колледждер мен ЖОО студенттері 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшкенін айтты.

«Оқу процесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына сай жүргізіледі. Бізде 790 колледж бар. Бәрі 100% аталған бағдарламаны игеріп отыр деп айта алмаймыз, бірақ басым көпшілігі осы бағдарламамен жұмыс істеп жатыр. Біз тиісті мониторинг жүргізіп жатырмыз. Мұғалімдер де жаңа жүйеге бейімделуде. ЖОО-лар үшін қашықтан оқу технологиясымен таныс және күнде пайдаланып жүрген құралдың бірі болғандықтан қиындық тудырып жатқан жоқ. Көптеген университет тапсырма берілген сәттен бастап бірден қашықтықтан оқыту жүйесіне көшіп кетсе, қалғаны бүгін көшті», - дейді ол.

Еске салсақ, к аникул аяқталған соң оқушылар онлайн оқуға көшуі мүмкін екендігін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай