Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әсет Ерғалиев инфляция мен экономикалық өсім туралы болжамын айтты

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 18:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет үйінде өткен брифингіде ҚР ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев инфляцияның экономкалық өсімге қалай қысым жасауы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз бліесіздер, Республикалық бюджет Парламент қарауында жатыр. Республикалық бюджеттің болжамдары макроэкономикалық болжамдармен, сценарилермен тікелей байланысты. Оны да Парламентке енгізгенбіз. Біз келесі жылы экономиканың өсімі 3,9 пайыз болады деп болжап отырмыз. Ал инфлция деңгейі 4-6 пайыз дәлізінде сақталады делініп отыр», - деді министр.

Шарада Қаржы министрі депутаттардың сынына жауап берді.

«Қаржы министрлігі кез келген конструктивті сынды қалыпты қабылдайды. Біз арқашан диалогқа дайынбыз. Бірақ бұл жерде мораторийді алып тастау туралы сөз жоқ. Мораторий Президент Жарлығы бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін сақталады. Қаржы министрлігі жосықсыз кәсіпкерлерді жауапқа тарту бөлігінде ғана мәселес көтерген болатын. Бірнеше мысал келтірейін: өткен жылы сауда операциялары кезінде түбіртек берілмегені туралы 19 мыңнан астам шағым түсті. Тағы бір мысал: біз жүйеде онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолданатын кәсіпкерлердің 50 пайызы ұдайы түбіртек бермейтінін көріп отырмыз», - деді Қаржы министрі.


Жоғары қарай