Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының WBC титулы үшін кіммен айқасатыны белгілі болды

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 10:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Супер ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (17-0, 16 КО) шаршы алаңға қайтып оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Еш жеңіліп көрмеген Жанның келесі жекпе-жегі 19 ақпанда Гамбургте (Германия) өтеді. Қарсыласы 40 жастағы тәжірибелі француз Жоан Дюопа (39-6, 26 КО) болмақ. Айқас он раундтан тұрады.

20 қарашада Гамбургте өткен соңғы жекпе-жегінде Жан Кособуцкий доминикалық Алексис Гарсияны (11-1, 7 КО) нокаутпен жеңіп, ауыр салмақтағы WBC International Silver титулын жеңіп алды.

Дюопа бұған дейінгі айқасын 13 қарашада Люксембургте өткізді. Ол екінші раундта венгр Андраш Чоморды (18-33-2, 14 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кету керек, Дюопамен жұдырықтасқандар тізімінен көптеген танымал есімдерді таба аласыз. Бір кездері ол рингте Тони Йока, Александр Поветкин, Джаррел Миллер, Роберт Хелениус, Деонтей Уайлдер және Мануэль Чарр сияқты боксшылармен кездескен.


Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай