Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арзан үй сатып алғысы келген Ақтөбе тұрғыны 5 млн теңгесінен айырылды

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 23:14

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Үй сатып алмақ болған ақтөбелік 5 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция ақтөбеліктерді сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

«Қобда ауданы Қоғалы ауылының 46 жастағы тұрғыны 2019 жылдың қазан айында алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Әйел күдіктіге арзан пәтер алу үшін 5 млн теңге берген. Полицейлер күдіктіні анықтады. Ол бұрын алаяқтығы үшін сотталған 41 жастағы ақтөбелік болып шықты», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктіні ұстау шаралары қабылданған.

Жоғары қарай