Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды - Антикор

2022 жылдың 29 мамыр 2022 13:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кеше соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикордың Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді», деп жазды ведомство.

Ақпарат көзі 2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалғанын да мәлімдеді.

Тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.


Жоғары қарай