Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арыста екі мыңға тарта адамды жұмыспен қамтитын жобалар жүзеге асырылмақ

2020 жылдың 25 қараша 2020 05:43

АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Арыс қаласында жыл басынан бері негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 12 млрд 118 млн теңгені құраған. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Қадырбек кезекті брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұрат Қадырбектың айтуынша, қалада жалпы құны 101 млрд 110млн теңгелік 5 жоба іске қосылмақ. Сөйтіп жаңадан 1838 жұмыс орындары ашылады деп жоспарланып отыр.

«Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында «Тансари Трейдинг А» ЖШС-ң жалпы құны 1 млрд 700 млн теңгені құрайтын бақша дақылдары мен жемістерді сақтау және жоғары сапалы тамақ өнімдерін қайта өңдеу жобасын келер жылы іске асыру жоспарлануда. Жоба аясында 153 адамды тұрақты, 300 адамды уақытша жұмыспен қамтитын боламыз. Сондай-ақ, «Қамқор Қазақстан» АӨК-ң жалпы құны 1 млрд 700 млн теңгені құрайтын құрама жем шығаратын зауыт құрылысының жобасын келесі жылы іске асыру жоспарланған. Ал, «Kazgreenteksolar» ЖШС-ң жалпы жалпы 2 млрд 500 млн теңгені құрайтын күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіру жобасын 2021 жылға іске асыру жоспарланған. «ҚаратауТрансСервис» ЖШС-ң жалпы құны 11 млрд теңгені құрайтын мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу зауыт құрылысының жобасын алдағы жылы іске асыру жоспарланған. Жоба аясында тұрақты 112 жұмыс орны ашылатын болады»,- деді Мұрат Болатұлы.

Қала әкімі алдағы жылы қолға алынатын жобалардың қатарында «Түркістан Агро» ЖШС-ң құны 8,5млрд теңгені құрайтын 3000-10000 басқа арналған ірі қара малды бордақылау алаңының құрылыс жобасын атап өтті. Онда 50 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі таңда онда электр энергиясын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Жоғары қарай