Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда омикрон штамы таралмас үшін қандай шаралар қолға алынған

2021 жылдың 8 желтоқсан 2021 14:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордада коронавируспен ауырғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ДДСҰ коронавирус инфекциясының жаңа штамы омикронды тіркеді және оны алаңдаушылық тудыратын нұсқа ретінде таныды. Омикрон қатарынан 32 мутациядан тұрады және дельтаға қарағанда анағұрлым жұқпалы», - деді Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, жаңа штамды республика аумағына енгізбеу мақсатында ведомствоаралық комиссия биылғы 3 желтоқсаннан бастап мынадай шаралар қабылдады:

- Қазақстанға 11 елден (Ботсвана, ОАР, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Танзания, Малави және Гонконг) шетел азаматтарының кіруі шектелді.

- Омикрон штамынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елден келген адамдар: Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет вакциналанғанына қарамастан міндетті түрде 72 сағаттан кешіктірмей ПТР тестілеуден өтеді.

- одан бөлек, «омикрон» тудырған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР-тестінің нәтижесіне қарамастан 7 күн мерзімге үй карантиніне жіберіледі.


Жоғары қарай