Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 150 мыңнан астам адам әлеуметтік жеңілдік пен жәрдемақы алады

2021 жылдың 8 желтоқсан 2021 14:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік жәрдемақы алатын тұрғындардың санын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында карантин жағдайында халықтың табысын сақтауға басымдық берді. Бүгінде 156 мыңнан астам алматылық жеңілдіктер мен жәрдемақы алып отыр. Осы үшін биыл 25,7 млрд теңге бөлінді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, Алматыда ерекше мұқтаждықтары бар 53 мыңнан астам адам тұрады. Биыл 24,7 мың мүмкіндігі шектеулі адамды оңалту құралдарымен, әлеуметтік қызметтермен қамту үшін 4,9 млрд теңге жұмсалған.

«Жыл аяғына дейін 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, мемлекет бюджеті есебінен 3,9 мың пәтер салынады. Жыл басынан бері 3516 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. «Шаңырақ» ілкі жобасы іске қосылғанын білесіздер. Бұл жоба 2114 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 910 отбасы, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша - 431 отбасы, коммуналдық тұрғын үй қорынан - 61 отбасы пәтер алды», - деді әкім.


Жоғары қарай