Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Президент шешімі Алматы бюджетінің кірісін 20 пайызға арттырды

2021 жылдың 8 желтоқсан 2021 13:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы Алматы бюджетінің кірісін 20 пайызға арттырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы қаласының әкіміне Бақытжан Сағынтаевқа пандемияның экономикалық салдарын жою бағытындағы жұмыстар туралы сауал қойылды.

«Ең үлкен көмек Президентіміздің қабылдаған шағын және орта кәсіпкерліктен түсетін коропаративтік салықты жергілікті қазынада қалдыру туралы шешімі болды. Соның өзі ғана жалпы экономикамыздың түсіміне 20 процент өсім берді. Алматы шағын және орта бизнестің қаласы болғандықтан, неғұрлым осы саладан салық көп түссе, жергілікті билік соғұрлым кәсіпкерлікті дамытуға мүдделі. Өйткені салықтың бәрі өзінде қалып отыр», -деді әкім.

Оның сөзінше, аталған шешімнің арқасында былтыр Алматы қаласының бюджетіне түскен кірістің көлемі бірінші рет 1 трлн теңгелік көрсеткішке жеткен.

«Ал биыл 10 айдың қорытындысы бойынша біздің экономикалық өсіміміз 5,5 пайызға артып отыр. Қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша әлемдегі бәсекеге қабілетті 100 қаланың санатына кіру үшін жыл сайынғы экономикалық өсім 5 пайыздан кем болмауы керек. Биыл ол 5,5 пайыз болды», -деді Бақытжан Сағынтаев.


Жоғары қарай