Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволарының өкілдері ынтымақтастық жоспарын талқылады

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 20:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары қорғаныс ведомстволары жұмыс топтарының үйлестіруші-офицерлерімен отырыс өтті. Қорғаныс ведомстволарының өкілдері 2022 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылады.

Екі елдің өзара іс-қимылы мәселелеріндегі негізгі басымдық әскери білім беру, бітімгершілік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кәсіби әскери-медицинаны және инженер кадрларды даярлау мәселелерін шешуге бағытталды.

Қорғаныстағы өзара іс-қимылдың осы және өзге де аспектілері қазіргі уақытта қол қоюға әзірленіп жатқан 2023-2027 жылдарға арналған ынтымақтастықтың кезекті бесжылдық жоспарында көрсетілген.

Тараптар жыл сайын жұмыс бабымен өтетін кездесулер барысында екіжақты әскери ынтымақтастықты дамыту үшін сарапшылар нақты бағдарларды жан-жақты талқылап, айқындай алатынын атап өтті.








Жоғары қарай