Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскеменде әкімдік ғимаратының әйнегін шағып, шу шығарған адам ұсталды

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 18:29

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде қалалық әкімдік ғимаратының әйнегін шағып, шу шығарған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде бүгін әкімдік ғимаратына келген ер адамның байбалам салғаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен.


Әкімдік қызметкерлерінің мәліметінше, бұл – мүмкіндігі шектеулі азамат. Ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан жекешелендіру құқығымен берілген пәтерде тұрады.

«Ай сайын баспана үшін тек 2065 теңге төлейді. Жұмыспен қамту орталығы оған төсек пен тамақ пісіретін пеш алып берген. Осы жылдың тамыз айында өз өтініші бойынша 76 500 теңге жалақыға қоғамдық жұмыстарға жіберілген», - делінген ақпаратта.

Әкімдік ғимаратына келген азамат шу шығарып, ондағы қызметкерлерді былапыт сөздің астына алған.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігіне (Билік өкілін қорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалған.


Жоғары қарай