Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмолалық тұрғын ұрланған жылқыны үйінде жасырған

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 02:40

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында үш жылқыны ұрлаған 47 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 3 желтоқсан күні таңғы сағат 06:40-та Астрахан ауданының кезекші бөліміне Петровка ауылының тұрғынынан арыз түсті. Ер адамның сөзінше, 2 желтоқсан күні сағат 22:00-де белгісіз біреулер үй ауласында тұрған үш жылқыны ұрлап кеткен. Мал иесіне барлығы 950 мың теңге шығын келтірілген.

«Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері «Гита» атты қызметтік иттің көмегімен күдіктіні анықтады. Ол Петровка ауылының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Баукеспе ұры ұрланған жылқының екеуін далаға жіберген, ал біреуін үйдің ішіне жасырған», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 3-бөлігі «мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай