Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы облысында бір тәулікте 33 науқас коронавируспен ауруханаға түсті

2021 жылдың 6 желтоқсан 2021 11:01

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 12 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Алакөл ауданында – 3, Балқаш, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласында 2 жағдайдан, Қарасай, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай қаласында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 44 адам емделіп шықты. Өңір «жасыл» аймақта.

«6 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде 658 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 33 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 1790. Төсек-орын жүктемесі – 36,7 %.Соңғы 3 күнде 5415 адамның коронавирус сынамасы зертханада тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 869 328.

Соның ішінде өткен күні екпе салдырғандар – 1536 адам.

Екпенің 2-ші компонентін 794 779 тұрғын ектірген, кеше бір күнде 690 адам вакцина алды.


Жоғары қарай