Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Германияда коронавирус жұқтыру деңгейі қайтадан өсе бастады

2021 жылдың 4 желтоқсан 2021 22:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияда SARS-COV-2 жұқтыру деңгейі қайтадан өсе бастады, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

ГФР-да вирус жұқтырудың жеті күндік коэффициенті 100 мың тұрғынға шаққанда 442,1 мәніне жетті.

Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, Германияның 6 миллионнан астам тұрғынында covid-19 қоздырғышы анықталды. Соңғы тәулікте елде коронавирус жұқтырудың 74 352 жаңа жағдайы тіркелді.

COVID-19 салдарынан қайтыс болғандардың жалпы саны 102 568 фактіге жетті.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай