Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Омикрон» штамы Оңтүстік Африкада коронавирустың төртінші толқынын тудырды

2021 жылдың 4 желтоқсан 2021 19:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкада коронавирустың «омикрон» штамынан туындаған пандемияның төртінші толқыны басталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлайды.

ОАР Денсаулық сақтау министрі Джо Фаахланың айтуынша, ж аңа COVID-19 мутациясы туралы хабарланғаннан кейін Оңтүстік Африкада инфекция жұқтыру жағдайлары көбейген және негізінен коронавирустың сол жаңа түрі тарауда.

«Өткен бейсенбіде елде вирусқа шалдығудың 2 465 жаңа дерегі тіркелді, 3 қарашадағы жағдай бойынша 11 535 дерек анықталды. Тәуліктік өсім жеті күн ішінде 9 000-ға артты», - деп атап өтті министр.
Фаахлдың айтуынша, «омикрон» нұсқасы тез арада елдің жеті провинциясына таралды және ел билігі бұл процесті бақылау үшін барлық іс-шараларды жасауда.

Жоғары қарай