Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы қылмыс 17% азайды

2021 жылдың 4 желтоқсан 2021 08:41

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы қылмыс 17% азайды. Бұл туралы облыстық ПД бастығының орынбасары Қанат Әлиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқықбұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның бірлескен отырысында жасөспірімдер мен жастар мәселесі қаралды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Әлиевтің сөзінше, өңір халқының 19,7% - жастар. Жалпы, осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша осы санаттағы адамдар арасындағы қылмыстың азайғаны байқалады. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 - 18 жас аралығындағы ақтөбеліктер арасындағы құқықбұзушылық саны 17% азайған.

Сонымен қатар, теміржол маңындағы тәртіп, қаржы пирамидаларына қарсы күрес жұмысы, жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы айтылды.
«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өңірдегі қылмысты барынша төмендетуге байланысты барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды. Соның ішінде бақылаусыз қалған жасөспірімдермен қарым-қатынас орнату, жастарды жұмысқа орналастыруды күшейту міндеттелді»,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай