Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

30 жыл бойы боздағын күткен анаға ескерткіш орнатылды

2021 жылдың 4 желтоқсан 2021 00:09

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында майданнан ұлын күткен анаға ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақат ауданының орталығы – Мақат кентінде бой көтерген ескерткіште Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған жалғыз ұлын 30 жыл бойы – соңғы демі қалғанша күткен Сәнді Деңгелбайқызының бейнесі сомдалған.





«Өткенсіз болашақ жоқ. Тоғыз жолдың торабына орналасқан Мақат кентінде «Боздағын күткен ана» ескерткішін орнатудың өзіндік мәні бар. Бұл ескерткіш – майданнан оралмаған жалғызының жолын тосқан, жақсы хабар күтумен дүниеден үмітпен өткен ана рухына тағзымның көрінісі. Осы ескерткіштен ананың қайтпас қайсарлығы мен рухының мықтылығын байқауға болады» -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Мақат кентіндегі теміржол вокзалының алдына қойылған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Ескерткіштің орнатылуына демеушілер қаржылай көмек берген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында айналма жол ашылғанын хабарлаған едік.

Жоғары қарай