Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмолалық Ресейде ұрланған көлікті сатып алған

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 23:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тұрғыны ұрланған автокөлік атып алып, сан соғып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 1 желтоқсанда Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғынынан арыз түсті. Онда ер адам Щучье қаласының 64 жастағы тұрғыны оған Ресейдің Челябі қаласында ұрланған «Nissan Almera» көлігін сатқаны айтылған.

«Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 196- бабының 3-бөлігі «көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді ведомстводан.


Жоғары қарай