Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

6 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 5 желтоқсан 2021 19:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Мәжілісте азаматтық қорғау жүйесін дамыту туралы «Үкімет сағаты» өтеді. Депутатар алдында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин баяндама жасайды. «Үкімет сағаты» шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылады.

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингі өтеді. Онда ҚР ІІМ Криминальдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов «Адам саудасына қарсы күрес шаралары» айтады.

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Тарихи-диахрондық әдісті пайдалану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру» жобасы бойынша брифинг өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының Экономика салаларын цифрландыру аясындағы ғарыштық мониторинг» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: Youtube , Facebook .

18.00-де «Астана Опера» театрының «Астана Балет» сахнасындағы гастроліне орай баспасөз мәслихаты өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер:
Жоғары қарай