Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қостанай облысында трактор, комбайндардың рамасы мен кабинасы шығарылады

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 18:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде ауыл шаруашылығы техникасы өндірісіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізгі капиталға салынатын инвестицияларға келетін болсақ, есепті кезеңде өңір экономикасына 11 % өсімімен 306,2 млрд теңге тартылды (2020 жылғы 10 айда - 264,7 млрд теңге). Ағымдағы жылы біз осы қарқынды ұстап тұрып қана қоймай, оны ұлғайтуға да ниеттіміз. Сондықтан инвестициялық жобаларды, соның ішінде Ресей Федерациясымен өнеркәсіптік кооперацияны нығайту шеңберінде де іске асыруды жалғастырамыз. Мәселен, 2020 жылғы желтоқсанда «КАМАЗ» компаниясымен бірлескен жоба аясында өндіріс қуаты жылына 46 мың тонна құйма құятын шойын құю зауытының құрылысы басталды. Инвестицияның жалпы көлемі 78,2 млрд теңге, 300 жұмыс орны ашылатын болады», - деді А. Мұхамбетов.

Оның айтуынша, ынтымақтастықтың келесі кезеңі «КАМАЗ» жүк автомобильдерінің жетекші белдіктері басты берілістерінің өндірісі болып отыр («KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 82,5 млрд теңге, 360 жұмыс орны). Жобалар экспортқа бағдарланған, шығарылатын өнімнің басым бөлігі «КАМАЗ» зауыттарына жіберіледі.

«Келесі ірі жоба – «АгромашХолдинг KZ» акционерлік қоғамының бизнес-инкубаторы базасында ауыл шаруашылығы техникасы автокомпоненттерінің өндірісі бойынша Жергіліктендіру орталығын құру, инвестициялардың жалпы көлемі 12,6 млрд теңгені құрайды, 450 жұмыс орны ашылады. Жергіліктендіру орталығы (техникалық іске қосуы ағымдағы жылдың наурызында жүзеге асырылды) - бұл шамамен 35 мың шаршы метр. Орталықта ең жаңа жабдықтар, соның ішінде Қазақстан үшін көлемі жағынан бірегей металл бөлшектерін ұнтақпен бояйтын итальяндық желі орнатылған, соның арқасында жылына 1 200 комбайн жиынтығына дейін бояуды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады», - деді облыс әкімі.

Компания тракторлар, комбайндар, тұқым сепкіштер, дестелегіштер және басқалары үшін өндірілетін компоненттердің қуатын, сапасын, сондай-ақ көлемдерін де арттыруға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтарды сатып алды.

Оның сөзіне қарағанда, «АгромашХолдинг KZ акционерлік қоғамының Жергіліктендіру орталығы өз өндірісін жергіліктендіру деңгейін ұлғайтатын болады. 2025 жылға қарай «Кировец», «LOVOL» тракторлары мен «ESSIL» комбайндары үшін рамалар мен кабиналар шығару жоспарлануда, бұл техниканың осы түрлері бойынша жергіліктендіру деңгейін 50%-ке дейін жеткізуге ықпал ететін болады.


Жоғары қарай