Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Египетпен арадағы әуе қатынасы тоқтатылды

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 11:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустық инфекцияның жаңа «Омикрон» штаммының пайда болуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бастап Египетке әуе қатынасы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстерін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай және Ақтөбе қалаларынан Шарм-Эль-Шейх қаласына «Эйр Астана» және «SCAT» әуе компаниялары орындап келді.
Әуе компанияларының ақпараты бойынша бүгінгі таңда Египетте 2800-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Олар 2021 жылғы желтоқсанның 3-10 аралығында аталған әуе компанияларының рейстерімен елге жеткізіледі.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №51 қаулысына сәйкес Египеттен келген жолаушылар COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан, ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап мерзімі 72 сағаттан аспаған COVID-19-ға ПТР әдісімен тапсырылған тестінің теріс нәтижесі туралы анықтаманы көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, вакцина алған және тиісті анықтамасы бар болса да, 7 күнге оқшаулануы керек.
Рейстердің орындалатын күндері туралы толық ақпарат алу үшін жолаушылар турды немесе әуе билетін сатып алған орынға хабарласуы қажет.


Жоғары қарай