Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 01:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Австралияда COVID-19 тестінен бас тартқаны үшін және карантинді бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі ұлғайтылды. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telеgram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, шетелден келген азаматтар үшін ережелер қатаңдатылды: Австралия аумағына келгеннен кейін олар 72 сағатқа оқшауланып, бірінші және алтыншы күндері COVID-19 тестін тапсыруы тиіс.

Филиппинде билік тек вакцинацияланған кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа жіберуге міндеттелді. Вакцинация жасауға үлгермеген жағдайда өз қаражаты есебінен үнемі ПТР тесттерін тапсыруы керек.

ЕО халықтың барлық топтары үшін коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияны енгізуді ұсынады. Бұл шараны Германияның жаңа канцлері Олаф Шольц қолдады және осы мәселе бойынша парламенттік дауыс беруге шақырды.

Басты сөздер: Әлемдегі коронавирус,
Жоғары қарай