Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жамбыл облысында дүкенге заңсыз ойын аппаратын орнатқан ауыл тұрғыны сотталды

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 16:04

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында ойын аппараттарын заңсыз орнатқаны үшін ауыл тұрғыны сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері 37 жастағы Луговое ауылының тұрғыны Д. Кемелбековтің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын анықтады.

«Тергеу барысында Д.Кемелбековтің азық-түлік дүкенінен орын жалдап, сертификатталған «Lotomatic» терминалдары түрінде 3 ойын аппаратын заңсыз орнатқаны анықталды. Д.Кемелбеков сотталды, аппараттарды жою үшін мемлекет кірісіне алынды», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылдың басынан бері Жамбыл облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 8 дерегінің жолы кесілген.

Айта кетерлігі, жалған терминалды шынайыдан ажырату үшін телефон болса жеткілікті. Біріншіден, Lotomatic.kz сайтында Lotomatic ресми лотерея терминалдарының тізімін ашыңыз. Тізімдегі терминалдардың картадағы мекенжайы көрсетілген.

Екіншіден, аппараттағы QR кодты сканерлесе, тексеру нәтижесінде «Терминал сертификатталған» деген жазу шығуы тиіс.

«Егер Сіз заңсыз ойын аппараттарын үйіңіздің не барған жеріңізден тапсаңыз, агенттіктің +7 (7172) 70-84-78 сенім телефонына немесе әлеуметтік желілердегі аккаунттары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.

Қазақстанда заңды бизнес ретінде жасырын электронды казино және ойын автоматтары жұмыс істейді, алайда олардың қызметіне «Ойын бизнесі туралы» заңмен тыйым салынған.


Жоғары қарай