Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 30 адам құтқарылды

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 12:19

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты үйден 30 адам, оның ішінде 14 бала қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Көкжал Барақ көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келгенде подъез ішін көк түтін тұмшалаған.

«Олар бірден 30 тұрғынға, оның ішінде 14 балаға оттегі маскасын кигізіп, автосаты арқылы құтқарды. Өртті сөндіруге 30 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалынның шығуына – балалардың отпен ойнауы себеп болды», - делінген ақпаратта.




Сондай-ақ Протозанов көшесіндегі көпқабатты үй тұрғындар 9-қабаттағы пәтерден шыққан түтінді байқаған. Олар дереу «101» қызметіне хабарласты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер сол пәтерге кіргенде жанып жатқан жиһазды көрген.

«Іште ешкім болмай шықты. Қауіпсіздік мақсатында өрт сөндірушілер алты адамды эвакуациялап, «Вахта» автокөлігіне орналастырды. Көп ұзамай жалпы ауданы 6 шаршы метрге жеткен тілсіз жау толықтай ауыздықталды», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай