Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан ер адам ұсталды

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 11:32

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан 42 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Рефлекс» жедел-алдын алу шарасы барысында есірткі саудалаған Өскемен қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады. Ол психотроптық заттарды клиенттерге алдын ала келісілген жерлерге тастап кетіп отырған.




Күдіктінің пәтерін тінту барысында жасыл, қызғылт және ақ түсті ұнтақ пен 55 полимерлі пакет, өлшеуге арналған электронды таразы тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, ұнтақтың жалпы салмағы 119,9 грамды құрайтын пирролидиналерофенон психотроптық заты екені белгілі болды,- деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.









Жоғары қарай