Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Құбырдағы апат: Павлодарда бірқатар тұрғын үйлер мен нысандар сусыз қалды

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 11:14

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда құбыр желісінде апат болып, бірқатар тұрғын үйлер мен нысандар сусыз қалды. Куәгерлер әлеуметтік желіге Сәтбаев – Естай көшелерінің қиылысында су ағып жатқаны түсірілген видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметі бойынша бүгін таңертең Ак.Сәтбаев көшесі, 63 («Экспресс» СҮ) ауданында диаметрі 500 мм құбырда апат болған.

Осыған байланысты келесі мекенжайларға су беру тоқтатылады:
- Ак. Сәтбаев көшесі: 35, 37, 47, 43, 55, 57, 59, 63 (ОӘД), 65 («Экспресс» СҮ), 49 (облыс әкімдігі);
- Қайырбаев көшесі: 34, 36;
- Жеңіс алаңы бойынша: 3, 3/1, 5, 27;
- Ак.Бектұров көшесі, 60 (Қазтелеком);
- Астана көшесі бойынша: 119, 125, 127, 129;
- Ак. Марғұлан көшесі: 91/3 ,99, 101;
- Кривенко көшесі бойынша: 23, 25.

Қазіргі уақытта «Павлодар-Водоканал» ЖШС авариялық бригадасы апатты жою бойынша жұмыс істеуде.


Жоғары қарай