Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Австрияда хирург қателесіп науқастың сау аяғын кескен

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 07:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Австрияда Линц қаласының соты қатеелесіп науқастың сол аяғын емес, оң аяғын кескен хирургке 2700 еуро айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Сонымен қатар сотқа дейін көз жұмған науқастың жесіріне 5 мың еуро көлемінде өтемақы тағайындалды, деп жазды Франс Пресс.

82 жастағы ер адам (аты-жөні, сондай-ақ хирургтің аты-жөні жарияланбады) осы жылдың мамыр айында Фрайштадт ауруханасына түскен. Оның сол аяғы кесілуі тиіс болатын, бірақ хирург неге екені белгісіз оң аяғына ота жасаған.

Қателік екі күннен кейін аяқты таңу кезінде ғана анықталып, науқасқа тағы да ампутация жасалатындығы айтылған.

Бұл келеңсіз жағдай сотқа дейін барды. Онда хирург неліктен сол аяқтың орнына оң аяғын кесу үшін белгі қойғанын сұрағанда, ол: «білмеймін» деп жауап берген.

Одан кейін хирург басқа емханаға ауыстырылып, айыппұлдың жартысын төлеу кейінге қалдырылған


Басты сөздер: Әлем, Медицина, Оқиға,
Жоғары қарай