Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елбасы тарихи отанына оралған қандастарымыз жайында айтты

2021 жылдың 1 желтоқсан 2021 23:02

ЭР-РИЯД. ҚазАқпарат –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі туралы түсірілген фильмде қандастарымыз жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық уақытта да Малайзияда біз сияқты 16 млн адам болғанын айтып келемін. 40 жылдан кейін олардың саны 60-70 млн адамға жетті. Бірақ қазір жағдай басқа. Бүгінде мәдениетті бола түсті, отбасын жоспарлайтын болды. Қалай десек де бәрі дұрыс болады деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Оливер Стоунның «Qazaq. Алтын адам тарихи» деректі фильмінде.

Елбасы елімізде бала туу көрсеткішінің жақсарғанын айтты.

«Бұған қоса, сонау қиын-қыстау жылдары – төңкеріс, соғыс, аштық жылдары 3-4 млн қазақ жан-жаққа кетіп қалды. Тәуелсіздік алғаннан кейін менің бастамам бойынша 1 млн адам елге оралды. Жұмыс, көтерме жәрдемақы бердік. Бұл лек жалғасуда. Этникалық қазақтардың ешқайсысына да өз Отанына оралуынан кедергі келтірмейміз. Яғни, процесс жалғасып жатыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салсақ, «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері атақты кинорежисер, сценарист Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмді түсіруге 19 ай кеткен.


Жоғары қарай