Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тұңғыш Президент күні елордада қанша нәресте дүниеге келді

2021 жылдың 1 желтоқсан 2021 16:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні туған сәбилердің аналарын қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов пен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қаладағы ауруханалардың акушерлік блоктарында 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні 27 бала дүниеге келді, оның 16 - сы - қыз, 11-і-ұл бала.

Оларға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар мен жаңа туған нәрестелерге балалар комбинезоны түріндегі сыйлықтар табыс етілді.

«Сіздерді сәбидің дүниеге келуімен және 1 желтоқсан мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін сіздер үшін қос мереке. Сіздерге және балаларыңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Сәбилер еліміздің мақтанышы болып өссін», - деді Асхат Оралов.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Бұл эстафетадағы ең басты мақсат - қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.





















Жоғары қарай