Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Хабар» арнасынан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік қазыналары» фильмі көрсетіледі

2021 жылдың 1 желтоқсан 2021 14:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Хабар» телеарнасы «Тәуелсіздік қазыналары» фильмін көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фильмде қазіргі әлемнің түрлі елдерінің әрбір ордені туралы толығырақ баяндалады, елдің жаңа тарихының ретроспективті және бірегей кадрлары жарияланады. Дмитрий Медведев, Романо Проди, Ясуо Фукуда, Режеп Ердоған, Шавкат Мирзиеев, Александр Лукашенко, Сергей Лавров, Торчизио Бертоне, Равиль Гайнутдин және өзге де әлем саясаткерлері мен діни көшбасшылары өз бағаларын береді.

Қазақстандықтар фильмді бүгін, 1 желтоқсан күні «Хабар» арнасынан сағат 18.00-де және «Хабар 24» арнасынан сағат 22.05-те көре алады.














Жоғары қарай