Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 1 желтоқсан күнгі ауа райы

2021 жылдың 1 желтоқсан 2021 02:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 желтоқсан күні Қазақстанның батыс өңірлеріне солтүстік-батыс циклонының жырасы әсер ететін болады, соған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Республиканың басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, батысында, солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Атырау облысының солтүстік-батысында және орталығында тұман, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысының батысында тұман, облыстың орталығында 15-20 м/с екпінде жел болады.

Түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Өңірдің батысында, солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейетіні күтіледі.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 28 м/с артады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай