Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде жетім балалар мен аз қамтылған отбасылар баспаналы болды

2021 жылдың 30 қараша 2021 18:17

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 30 отбасы баспаналы болды. Олар 2007-2008 жылдары пәтер кезегіне тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында 30 аз қамтылған отбасы мен жетім балаларға Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабында салынған үйден жаңа пәтердің кілті берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

Облыс әкімі ақтөбеліктерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жаңа қоныс иелерінің үйлеріне татулық пен молшылық тіледі.
«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қиындықтар аз болған жоқ. Біз оларды Елбасының көреген саясатының, оның халыққа деген сенімі мен еңбекқорлығының арқасында жеңе алдық. Экономика нығайып, инвестиция келді, кәсіпкерлік дамыды және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік пайда болды. Қазіргі таңда Ақтөбеде 24 мың жерлесіміз үй кезегінде тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықтың әл ауқатын көтеру және оларды баспанамен қамту шаралары қабылдануда. Биыл облыста 1 млн-нан астам шаршы метр пайдалануға берілді. Бүгін осы үй пайдалануға беріліп отыр. Оның отыз пәтері кезекте тұрғандарға тигені қуантады. Жыл соңына дейін Ақтөбе мен облыс аудандарында тағы да осындай үйлер беріледі», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Баспана кезегінде тұрған Ұлмекен Аққасанова үш бөлмелі пәтерге ие болды.
«Біздің төрт баламыз бар, үлкенім 18-де, кенжеміз 8-де. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрдық, туыстарымызды паналадық. Оңай болған жоқ, енді өзіміздің баспанамыз бар»,- дейді ол.
Айта кетейік, бұл үйде 159 пәтер бар. Оның 30 пәтері жетім балаларға болса, 129-ы халықтың әлеуметтік осал тобына тиесілі.

«Жалдамалы пәтер өте ыңғайлы. Талап бойынша шаршы метріне ай сайын 100 теңге төлейді. Орта есеппен айына 5 мың теңге шығады. Сонымен бірге коммуналдық шығыны бар», - деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жандос Әлімов.

















Жоғары қарай