Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

2021 жылы өңірлер Индустрияландыру картасы аясында 139 жобаны іске қосады

2021 жылдың 30 қараша 2021 09:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлердегі жаңа жобалар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлер 2021 жылы Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 139 жобаны іске қосып, 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Қараша айындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 1 триллион теңге болатын 83 жоба пайдалануға беріліп, 9 мыңдай тұрақты жұмыс орны ашылды», - деді Б. Атамқұлов.

Пайдалануға берілген жобалардың ішінде Қарағанды облысындағы байыту фабрикасы («Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы) сияқты ірі жобаларды атап өтуге болады. Жаңа полиметалл фабрикасы қорғасын-мырыш кенін өндіру көлемін 2,5 есеге арттырады.

«Қызылорда облысында желтоқсан айында «Orda Glass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің табақ шыны өндіретін зауытын техникалық іске қосу жоспарлануда. Өнімділігі - жылына 197,1 мың тонна шыны. Жаңа жұмыс орны ашылады. Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын кеңейту жобасы іске қосылды. Ол сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын 2 есеге арттырып, жылына 50 миллион тоннаға жеткізеді. Мыс өндірісін жылына 190 мың тоннаға дейін (өсімді 90% - ға қамтамасыз етеді) қамтамасыз етеді. Қарағанды облысында «Qaz Carbon (Каз Карбон)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Сарыарқа ферроқорытпа зауыты іске асырыла бастады. Зауыт өнімі Nippon Steel, Marubeni Corporation, «АрселорМиттал» және өзге де шетелдік алып кәсіпорындардың сұранысына ие. Экспорт географиясы Жапония, Ресей, Еуропа және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қамтиды», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Қостанай қаласында оқшаулау орталығында электротехникалық жабдықтар мен ауылшаруашылығы, автомобиль техникасына арналған компоненттер өндіретін тағы 2 жоба пайдалануға берілді.


Жоғары қарай