Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ҚР ИИДМ басшысы жол сапасын қалай тексергенін айтты

2021 жылдың 30 қараша 2021 01:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жол сапасын жақсарту үшін қандай шаруа тындырылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық маңыздағы 25 мың шақырым жол бар. Қалған 75 мың шақырым жол жергілікті маңызға ие. Қала, ауыл, елді мекен ішіндегі көшелер және бар. Мұның бәрін жарамды қалыпта күтіп ұстау қажет. Соның барлығын үйлестіру біздің министрліктің құзырындағы шаруаға жатады», - деп түсіндірді Бейбіт Атамқұлов «Хабар» телеарнасындағы «Ұлт мүддесі» бағдарламасында.

Министрдің сөзінше, жаңа технологиялардың арқасында республикалық маңызы бар жолдар қатаң бақыланып отыр.

«Екі жыл бұрын біз жолдарға қатаң бақылау жүргізетін республикалық сапа орталығын құрдық. Мердігерлерден осы орталық анықтаған кемшіліктерді жойып отыруы керек. Бірақ бақылаудың мұндай түрі республикалық жолдарға ғана қатысты. Ал жергілікті деңгейде мамандар жетіспейді. Бақылауға тиіс зертханалардың деңгейі де оған мүмкіндік бермейді», - деп түсіндірді Бейбіт Атамқұлов.

Сондай-ақ, ол Балқаш пен Алматы арасындағы жолдың құрылысы қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.

«Қазір біз 3,6 мың шақырым жол салып жатырмыз. Биыл 2200 шақырымды аяқтаймыз. Қарағанды – Балқаш, Балқаш – Бурылбайтал, Бурылбайтал – Күрті, Күрті – Алматы учаскелері бар. Оларды келесі жылы аяқтаймыз. Балқаш –Бурылбайтал, Бурылбайтал – Шу – Мерке бағыттары және бар. Былтыр мен 8 мың шақырым жолды жүріп өтіп, өз көзіммен тексердім. Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қалбатау, Аягөз, одан әрі Үшарал, Талдықорған, Алматы, Отар арқылы екі рет жүріп өттім», - деген ведомство басшысы алты айдың ішінде жол сапасы жақсы жаққа өзгеретінін атады.

«Қарағанды-Балқаш бағытында Ақсу-Аюлы бөлігінде аяқталмаған учаске бар. Сондай кемшілік жіберген шетелдік мердігерлермен жұмысты сапасыз атқарғаны үшін келісімшартты үздік. Өкінішке қарай, конкурстарды біз өткізбейміз. Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық қаржы институттары қарызды өз ережелері бойынша береді», - деді министр.


Жоғары қарай