Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысында қар құрсауында қалған 6 жолаушы құтқарылды

2021 жылдың 29 қараша 2021 21:10

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Целиноград ауданының Ақмол ауылында қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды, оның үшеуі - бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өткен демалыс күндері қатты жел соғып, қалың қар жауған.

Салдарынан Мортық ауылының бағыты бойынша Жаңаесіл ауылынан 4 шақырым жерде «Volkswagen Polo» маркалы жеңіл автокөлігі қар құрсауында қалып қойған.

«Автокөлікте болған 6 адам (оның үшеуі - бала) ТЖД қызметкерлерінің жедел көмегінің арқасында Мортық ауылына эвакуацияланды», - деді ведомстводан.




Осы ретте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындарына осындай төтенше жағдайларды болдырмау алу үшін дауылды ескерту алған кезде алыс жолға барудан және елді мекендерден ұзап кетпеу керектігін ескертеді.

Егер осындай жағдайға тап болған кезде көліктің апатты белгілерін қосуды және «112» құтқару қызметіне дереу хабарлауды сұрайды.


Жоғары қарай