Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыға биыл 54 мыңнан астам шетелдік турист келген

2021 жылдың 29 қараша 2021 19:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға биыл 54,2 мың шетелдік турист келді. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қалаға туристерді тарту жұмыстары эпидахуалға байланысты жүргізіледі. Егер келесі жылы жағдай түзелсе, бұл жұмыстар қайта жанданады.

«2017 жылы қалада универсиада өтті, оған қоса елімізде EXPO көрмесі ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде 2018 жылы Алматыға келген туристер саны 1 млн-ға жеткен еді. 2019 жылы 1,3 млн турист келді. Ал 2020 жылы пандемияға байланысты қалаға 400 мыңға жуық турист қана келген. Биыл екінші тоқсаннан бастап қалаға келуші туристердің саны артып, 501 мыңға жетті. Оның ішінде шетелдік – 54,2 мың адам, ішкі туристер - 447,2 мыңнан астам адам. Жыл соңына дейін 800 мыңға дейін жетеді деп отырмыз», - деді Мақсат Қиқымов.

Сонымен қатар, ол туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тау бағыттарының шалғай тораптық учаскелерінде спутниктік байланысы бар (құтқару жасақтарына дабыл беру түймелерімен) және таулы жерлерде туристік навигацияның бірыңғай жүйесі енгізілген 15 тау үйшіктерін орнату жұмыстары аяқталуға жақын қалғанын мәлім етті.

«Мемлекет басшысының кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін гидтер және экскурсоводтарға арналған семинарлар, әуежай, теміржол вокзалдары қызметкерлеріне арналған фасилитациялық тренингтер және басқа да біліктілікті арттыру бойынша тренингтер ұйымдастырылады. Мысалы, биыл қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін ағылшын тілі бойынша онлайн-курстар өткізіледі. Таулы жерлерде туристік инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 1000 шақырым астам таулы жаяу соқпақтар цифрландырылды,оның 663 шақырымы абаттандырылды. Барлық цифрландырылған бағыттар 2GIS және ViewRanger платформаларында қолжетімді»,- деді ол.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Туризм, Алматы,
Жоғары қарай