Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау студенттері мұнай өнімдерінің қалдығынан түрлі киім тікті

2021 жылдың 29 қараша 2021 20:15

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау студенттері мұнай өнімдерінің қалдығынан түрлі киім тікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері резина, синтетика мата, пластмасса, полимер пленка және полиэтилен пакетінен тігілген киімдердің жиынтығын ұсынды. Студенттер аталған оқу орнында «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын оқиды.

Карнавал костюмдері мен сәнді көйлектерді, зертханалық халат пен арнайы киім, тіпті жас жұбайларға арналған киімдерді тігу үшін Атырау мұнай өңдеу зауытынан мұнай өнімдерінің қалдығын пайдаланған.




«Көпшілік мұнайды тек отын өндірілетін шикізат ретінде біледі. Бірақ, іс жүзінде күнделікті тұрмыста тұтынатын бұйымдардың құрамында мұнай болуы мүмкін. Өйткені, мұнай компоненттерінен пластик, тұрмыстық химия құралдары, косметика, дәрі-дәрмектер жасалады. Мұнай жеңіл өнеркәсіпте бар. Тоқыма өндірісінде синтетика мата кеңінен қолданылады. Мәселен, полиэстерден тігілген жұмыс киімдері өте төзімді. Себебі, мұндай киімдер мыжылмайды, созылмайды, тіпті оңай жуылады. Осының бәрін біз көрермендерге көрсеткіміз келді» - дейді университет студенттері.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда инновациялық жобалар конкурсының жеңімпаздары анықталғанын хабарлаған болатынбыз.





Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, ЖОО-лар, Білім,
Жоғары қарай