Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылордада ревакцинациядан 192 адам өтті

2021 жылдың 30 қараша 2021 04:32

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялаудан облыс бойынша 192 адам өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, өңірде өткен аптада ревакциналау жұмыстары өткен аптада басталды.

Қазіргі кезде коронавирусқа қарсы қайта вакцинациядан облыс бойынша 192 адам өтті.

«Қазірге дейін облыста вакцинаның бірінші компонентімен егілгендер саны - 403 511 адам. Ол екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 89,2 пайызын құрайды. Екінші компонентпен – 344 815 (76,2 пайыз) адам егілді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Өңірде індет басталғалы бері коронавирус инфекциясымен 19294 науқас тіркелді.

Өткен тәулікте 5 жағдай анықталды. Жалпы емделіп шыққаны 97 пайызды құрайды.

Облыс бойынша инфекциялық стационарда 117 науқас, реанимациялық төсек-орында 14 науқас ем қабылдап жатыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 2 016 тұрғын Pfizer вакцинасын салдырды.


Жоғары қарай