Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тәуелсіздік жылдары Мұнайлы ауданында шағын кәсіпкерлік субъектілері 88% артқан

2021 жылдың 29 қараша 2021 15:18

МҰНАЙЛЫ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдары Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында шағын кәсіпкерлік субъектісі 88 % артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Мұнайлы ауданында шағын кәсіпкерлік субъектісі 88 пайызға артқан.

Соның негізінде 10 732 адам жұмыспен қамтылды.

Аудан құрылған жылы Мұнайлыда 725 шағын кәсіпкерлік субъектісі болса, бүгінгі таңда оның саны 6 мыңнан асты.

Ауданда орта және шағын кәсіпкерліктің дамуы түрлі мемлекеттік несиелендірулерге де тікелей байланысты.

Ауданда «Нұр капитал», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» сынды бағдарламалар негізінде кәсіпкерлер орта және шағын бизнесін ашып, дамыту үшін жеңілдетілген несие алып отыр.

2007 жылы 5 кәсіпкер несие алған болса, биыл 51 кәсіпкер 298,2 млрд теңге кредит рәсімдеген.

Аудан кәсіпкерлері жалпы нарыққа темір бетон плиталарын, қиыршық тас және асфальт, пенопласттан бастап, сүт, ұн, ет және шұжық өнімдерін, көкөністер ұсынуда.

Соңғы 2 айда Мұнайлыда сүт өнімдерін шығаратын зауыт жұмыс істейді. Нарыққа 22 түрлі сүт өнімдерін шығарады.

«Aqmol» ЖШС өндірген тауарлар өзге өнімдермен салыстырғанда 30%-ға арзан. Зауыт 30 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жалпы Маңғыстау облысында Тәуелсіздік алған жылдары шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 есе артып, 55 мыңға жетті.














Жоғары қарай