Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО тұрғынының үйінен қару-жарақ арсеналы табылды

2021 жылдың 29 қараша 2021 12:55

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жеке тұрғын үйді тінту барысында қару-жарақ арсеналын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Ұлан ауданы тұрғынының үйінде санкцияланған тінту жүргізген. Соның барысында заңсыз сақталған атыс қаруының бірнеше түрі мен оқ-дәрілер табылған.

«Барлығы 4 мылтық тәркіленді. Нақты айтқанда, калибрі 5,6 мм «ТОЗ» маркалы бір ойық мылтық және 16 калибрлі тегіс ұңғылы үш мылтық. Аталған факті бойынша 54 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Ер адам 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің бұл қаруларды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.


Жоғары қарай