Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ұлттық банк JETI QAZYNA коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады

2021 жылдың 29 қараша 2021 10:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі 2021 жылғы 30 қарашадан бастап «Дала қазынасы» сериясымен шыққан JETI QAZYNA коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Номиналы 500 теңгелік монеталар мен блистерлік жинақ www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.

«Ежелгі аңыз бойынша, нағыз қазақ көшпендісінің басты жеті қазынасы болған: ер жігіт, сұлу әйел, құмай тазы, ақыл-білім, берен мылтық, жүйрік ат және қыран бүркіт. Ақылды жар – отбасының берекесі, құмай тазы – аң аулаудағы серігі, берен мылтық – ұрыста сәтсіздікке ұшыратпайды, жүйрік ат пен қыран бүркіт – жауапты сәтте көмекші, ал жан-жақты білім – дана шешім қабылдауға көмектеседі деп есептелген», - деп атап өтеді Ұлттық банктен.




















Жоғары қарай