Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жапонияда отқа оранған қойманы 60-қа жуық өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ сөндіре алмай жатыр

2021 жылдың 29 қараша 2021 09:36

ТОКИО. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Жапонияның Хонсю аралының оңтүстік-шығысындағы Осака қаласында алты қабатты қойма өртенді. Тілсіз жаумен күреске 60-қа жуық өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ жұмылдырылған. Жалын 10 мың шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат TBS телеарнасына сілтеме жасап.

Өрт кезінде ғимараттың ішінде 100-ге жуық адам болған, олардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылды. Полиция қоймада оны пайдаланушы компания өкілдерінің бар-жоғын тексеруде.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимарат бөлмелеріндегі бос картон жәшіктерінің өртенуінен басталған.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем, Жапония,
Жоғары қарай