Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Маңғыстау өңірінің қандай туристік орындарына жол салынады

2021 жылдың 28 қараша 2021 15:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының бірқатар туристік орындарына автомобиль жолын салу жоспарланып отыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысы жауабына қарағанда «Саура», «Тамшалы», «Сұлтан-Епе» және «Шақпақ-ата» орындарына баратын жолдардың жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрайтын 4 жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Ұзындығы 8,3 шақырым болатын «Саура» шатқалының кіреберісіне автомобиль жолын салу» жобасына 620 млн теңге, ұзындығы 20 шақырымдық «Тамшалы» шатқалының кіреберісіне автомобиль жолын салуға» 1 237 млн теңге, ұзындығы 14,5 шақырымдық «Сұлтан-Епе» қорымына кіреберіс автомобиль жолын салуға» 823 млн теңге және ұзындығы 3,7 шақырымдық «Шақпақ-ата» қорымына кіреберіс автомобиль жолын салуға» 80 млн теңге көзделген.

«Жоғарыда аталған жолдар бойынша осы жылдың соңында дейін Маңғыстау облысы әкімдігі республикалық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы туристік орындарға жол салу мақсатында «Мыс жыланды», «Отпан тау», «Торыш», «Айрақты» және «Ақмыш-Шерқала-Самал» бағытындағы автомобиль жолдарын салуға ЖСҚ әзірлеу үшін жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жобалау-іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін 2022 жылы аталған жобалар бойынша ЖСҚ әзірлеу мақсатында қаржыландыру мәселесі қарастырылатын болады. Теңіз жағалауындағы Ақтау қаласынан Құрық портына дейінгі автомобиль жолын дамыту бойынша жалпы құны 17,8 млрд теңгені құрайтын, ұзындығы 70,8 шақырымды қамтитын 5 жоба жасақталды. Бүгінгі таңда төрт жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтеді Премьер-Министр.

Асқар Мамин жауабына сәйкес біріншісі - «МАЭК-КазАтомпром» су алғышынан «Алау» балалар сауықтыру лагеріне дейін а/ж реконструкциялау» (жалпы ұзындығы – 27 шақырым, құны – 7 432 млн теңге). Автомобиль жолы 2 учаскеге бөлінген. Бірінші учаске: «МАЭК» су жинау каналынан «Tree of life» демалыс базасына дейін - 15,6 шақырым. Бірінші учаске бойынша («МАЭК» су жинау арнасынан «Tree of life» демалыс базасына дейін) жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал екінші учаскеде («Tree of Life» демалыс базасынан «Алау» балаларды сауықтандыру лагеріне дейін) жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Екінші жоба - ұзындығы 70 метр болатын «Шора» автожол көпірін реконструкциялау (жалпы құны – 1 246 млн теңге. Қазіргі таңда жоба толығымен аяқталып, іске қосылды).

Үшінші жоба - «Өмірзақ» кентінен бастап Ақтау қаласының Жылы жағажайына дейін автомобиль жолын салу – 4,6 шақрым (жалпы құны – 2 682 млн теңге. Қазіргі таңда, жол жөндеу жұмыстары аяқталды)

Төртіншісі - «№3 және №1 а/ж (Honda center) қиылысынан Өмірзақ ауылының «Т» бейнелі қиылысына дейінгі учаскені реконструкциялау (жалпы құны – 1 897 млн теңге Қазіргі таңда, асфальт жабындысы толығымен төселіп, веложол, тротуар салынды).

«Бұдан басқа, «МАЭК» су алғышынан Құрық теңіз портына дейін (II – кезек) автомобиль жолын реконструкциялау» жобасының (ұзындығы – 34,7 шақырым, жобаның құны – 4,2 млрд теңге) ЖСҚ-на сараптаманың оң қорытындысы алынған. Аталған жобаны іске асыру 2022 жылға жоспарланған», - деді Үкімет басшысы.


Жоғары қарай