Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ресейдегі шахта жарылысының себебі айтылды

2021 жылдың 27 қараша 2021 20:44

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Кемеров облысы «Листвяжная» шахтасындағы жарылыс метанның атылуы салдарынан болуы мүмкін. Бұл туралы сенбі күні ТАСС құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала мәлімет бойынша, кенеттен метан атылып, кейін жарылыс болған. Бірақ, оның неліктен атылғаны белгісіз. Қазір жауапты және тергеу органдары осыны анықтап жатыр», - деді агенттік дереккөзі.

Сондай-ақ, ол шахтадағы метанға жауап беретін құрылғының жұмысы зерттеліп жатқанын айтты.
«Қазір оны да анықтап жатыр», - деп атап өтті дереккөз.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейдегі «Листвяжная» шахтасындағы жарылыстан аман қалған ешкім жоқ екенін жазған болатынбыз. Өндірістік апат салдарынан қаза болғандардың жалпы саны алты тау-кен құтқарушысын қоса алғанда, 52 адамды құрады.


Басты сөздер: Әлем, Ресей,
Жоғары қарай