Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мүлік және жер салығын төлемегендердің шоттары бұғатталады

2021 жылдың 27 қараша 2021 17:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мүлік және жер салығын төлемегендердің шоттары бұғатталады. Мұндай есертуді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 18 қарашасынан бастап мүлік салығы мен жер салығы бойынша салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберілді. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі. Сонымен бірге, шоттарды бұғаттаудан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25 пайызына дейін өндіріп алатынын ескерген жөн», - делінген комитет ақпаратында.

Осыған байланысты комитет жеке сот орындаушыларына алым және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қолайсыздықтарды төлеу есебінен борыштың ұлғаюын болдырмау үшін азаматтарға салық қарыздарын төлеуге және алдағы уақытта да мемлекет алдындағы өздерінің салық міндеттемелерін уақытылы орындауға кеңес береді.

Салықтық берешегінің бар-жоғын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы (AppStore, PlayMarket) арқылы тексеруге болады. Ол үшін e-Salyq Azamat→Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізу шарттарын орындау қажет.


Жоғары қарай