Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда Рfizer вакцинасын асханадағы сусындарға қосады деген жалған ақпарат тарады

2021 жылдың 27 қараша 2021 14:01

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Рfizer вакцинасын мектеп асханасындағы сусындар мен тамаққа қосады деген жалған ақпарат тараған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратылып отыр. Ата-аналардың чаттарында «Мектеп асханаларындағы тамақ пен сусындарға Pfizer вакцинасы қосылуда. Вакцина қосылған тамақты қабылдаған балаларда қауіпті аурудың белгілері, яғни, жүрек айну және құсу байқалуда» делінген.

«WhatsApp желісінде дыбыстық хабарлама таратқан белгісіз әйел Pfizer вакцинасы балаларға мұрын тамшылары арқылы да енгізілуде деп мәлімдеген. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, Pfizer компаниясы өндіріп отырған Комирнати вакцинасының әр құтысы 6 адамға арналған. Вакциналар медициналық орындарда арнайы мұздатқышта сақталуда. Бұл вакцина 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ата-аналардың келісімімен иыққа салынады. Вакцинаның мұрын тамшылары мен спрей түріндегі баламалары жоқ. Жалған және дәйексіз ақпарат таратушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жаза көзделген. Құқық бұзушыны іздеу үшін барлық қажетті шара қабылданады» - деп хабарлады басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Pfizer вакцинасын 84 әйел мен 51 жасөспірім салынғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай