Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр

2021 жылдың 26 қараша 2021 22:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта өңірде 280 миллиард теңгеге 1,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр. Осы жылы 647 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі деп жоспарлан­ған.

«4 мыңға жуық отбасы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Жеке инвестицияларды тарту есе­бінен құрылыс салушылар 104 мил­лиард теңгеге 86 коммерциялық үйдің құрылысын жүргізуде. Инвесторларға инженерлік инфрақұрылымы бар жобалар мен жер телімдері ұсынылды», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, «Бірқабатты Шығыс» өңірлік бағ­дарламасы шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік коммуникациялар жүргізіледі. Осы жылы жеке тұрғын үй құрылысының қарқыны артып, жеке инвесторлар 15,4 миллиард теңгеге 744 бірқабатты үй салып жатыр.

Жоғары қарай