Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да үй карантинін бұзғандарға 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

2021 жылдың 26 қараша 2021 15:41

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мониторингтік топтар тексерісті көбейтіп, талапты бұзғандарға айыппұл салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде 23 мониторингтік топ бар. Олар жұма-жексенбі күндері аралығында қоғамдық тамақтану, көңіл көтеру орындарына рейд ұйымдастырып келеді. Осылайша 1 қарашадан 25 қарашаға дейінгі аралықта мониторингтік топтар 1 092 нысанды қамтыған 202 рейд жүргізді. Шектеу шараларының күшейтілгеніне қарамастан ойын-той өткізгендер анықталып, жазаланды. 26 адамға шамамен 1,5 млн теңгенің айыппұлы салынды.

«Өкінішке орай, бұқаралық іс-шаралар, дәмхана-мейрамханаларда той өткізу фактілері апта сайын тіркеледі. Бүлінген мереке мен «рәсуа болған ақшадан» басқа, жиналған адамдарға КВИ жұқтыру қаупі жоғары екенін еске саламын», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Үй карантинін бұзып, «Ashyq» жобасы арқылы қоғамдық орындарға өтпек болған 126 адам анықталды. Олар жауапкершілікке тартылып, 4 млн 897 мың теңге айыппұл төледі.

Бұған дейін СҚО-да коронавирусты жұқтыру жағдайларының соңғы екі аптада 5,3 %-ға төмендегенін айтқан едік. Алайда ауруханаға ауырып түсіп жатқандардың 60 %-ының жағдайы ауыр, олар медициналық оттегіге тәуелді. Мамандар мұны вакцинация қарқынының төмендеуімен және тұрғындардың карантиндік талаптарды орындамауымен байланыстырып отыр.





Жоғары қарай