Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сарқан ауданында дәрілік шөптерден 150 тоннаға жуық өнім жиналды

2021 жылдың 26 қараша 2021 21:40

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Сарқан ауданында дәрілік шөптерден 149 тонна өнім жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2010 жылы құрылған «AZIA GOLD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі табанды еңбектің арқасында алқап аумағын ұлғайтып, биылғы жылға 490 гектарға жеткізген. Алқаптардың басым бөлігіне көп жылдық валерьянка, жалбыз, түймедақ, календула, долана сияқты шипалы шөптер бар. Ал биылғы жылы алғаш рет 49 гектар жерге мия (солодка) тұқымы себілген.

Жетісу өлкесінде тек біздің ауданда ғана өсетін дәрілік шөпке сұраныс өте жоғары«,- делінген Сарқан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған мекеме өнімдерін Ресей, Германия және Түркия елдеріне экспорттайды.

«Биылғы жылы өнім жақсы шықты. Жиын-терінді толығымен аяқтадық. Қазіргі таңда жиналған дәрілік шөптерді тазартып, кептіріп, ұнтап, қапқа салып шет елдерге шығаруға дайындап жатырмыз. Келешектегі жоспарымыз зауыт салу. Зауытты жеке қаражат есебінен Martin Bauer Group 192,7 млн теңге қаржыландырмақ. Сондай-ақ, зауытта 35 адамға тұрақты жұмыс орны қарастырылған», - деді кәсіпорын басшысы Алексей Викторович.

Ерекше күтімді қажет ететін емдік шөптер 149 га себіліп, тамшылатып суғарылады.

«2018 жылы мемлекеттің қолдауының нәтижесінде 211 млн.теңге субсидия беріліп, жүзеге асқан тың жобаның бірі»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, алдағы жылы Қарғалы ауылында аталған серіктестік дәрілік шөп өндіру зауытын ашуды жоспарлап отыр. Жобалық құны 442,7 млн теңге.


Жоғары қарай